Металл сайдинг тұрғын, қойма және өндірістік ғимараттардың қасбетін қаптауға қолданылады. Материал ескі қасбетті жаңартуға, қабырғаларды сыртқы әсерден қорғауға және ғимараттың көрінісін өзгертуге мүмкіндік береді.
Мырышталған болат және полимерлі жабын
Сайдинг берік мырышталған болаттан өндіріледі. Оның бетіне жағылған сәндік полимерлі жабын металды коррозиядан қорғайды және қызмет мерзімін ұзартады. Дұрыс орындалған қаптама қабырғаға жауын-шашынның тікелей әсерін азайтады.
Қасбетті қосымша жылыту қажет болса, алдымен қабырғаға жылу оқшаулағыш пен желден қорғайтын қабат орнатылады, содан кейін желдету саңылауы сақталып, металл сайдинг монтаждалады.
Металл сайдингтің артықшылықтары
- ультракүлгін сәулеге төзімділік
- ылғал мен жауын-шашыннан қорғаныс
- жанбайтын металл негіз
- түстер мен профильдердің кең таңдауы
- монтажының қарапайымдылығы
PRINTECH технологиясымен жасалған жабын ағаш, тас немесе кірпіш фактурасын имитациялай алады. Бұл табиғи материалдардың көрінісін сақтап, күтімді жеңілдетуге және қасбеттің өзіндік дизайнын жасауға мүмкіндік береді.